14.2 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 40

Жетісудағы егіс науқанына 20 мың бірліктен астам техника тартылады

  Жетісу облысында көктемгі дала жұмыстарына 20 мың бірлік техника тартылады деп жоспарланған, бүгінгі күнге олардың дайындық деңгейі 96%. Жалпы, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын шамамен 512 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта 20 370 техниканың 19 458 бірлігі, атап айтқанда трактор, соқа, сепкіш,...

Медициналық білімі бар шетелдік мамандарды сертификаттау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті медициналық мамандарға, шетелдік мамандарды қоса алғанда клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін сертификаттауды жүзеге асыралы. Шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын...

Заң мен тәртіп, қауіпсіздік пен жауапкершілік

Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп, қауіпсіздік пен жауапкершілік» науқаны аясында ірі кәсіпорындар мен зауыт өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараны Жетісу облысының прокуратурасы ұйымдастырып, оған қала және облыс деңгейіндегі құқық қорғау, еңбек инспекциясы мен төтенше жағдайлар органдарының өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты – еңбек ұжымдары арасында заңға мойынсұнатын мінез-құлықты қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық және өндірістік...

Жаркент мешіті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен бесінші отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин хабарлады.- Жаркент мешіті ХІХ ғасыр соңындағы діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады. Сонымен қатар, оны ислам сәулет дәстүрі мен Шығыс Азия...

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда. Қазақстандықтар ағымдағы жылдың сәуірінен бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады. Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе...

Бейбіт Исабаев жаңа Конституцияның жобасын талқылау жиынын өткізді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қоғам өкілдерімен жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналған жиын өткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға қоғамдық кеңестер мүшелері, жергілікті мәслихаттар төрағалары, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, түрлі сала мамандары - жалпы жүзден астам адам қатысты. Атап өтсек, жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМ ТІРЕГІ

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Есбай, Ғалиасқар Сарыбаев және өңірлік коалиция өкілі Ришад Тұрғанбай «Биліктің ашықтығы және қоғамдық бақылау» тақырыбында диалог форматындағы жиын өткізді. Шараға БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері қатысты. Коалиция өкілдері конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, алдағы референдумның маңызы және реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы...

Абыз ақсақалдар ұрпаққа үлгі

Талдықорған қаласы бойынша зейнеткерлер қатары 28 мыңға жуық. Жаһандану әлемінде рухымызды тіктеп, ұлттығымызды сақтап, ұрпағымызға өнеге болсақ, қоғамға үлесімізді қоссақ дейтін белсенді ардагерлер қатары да жыл сайын толығып келеді. Жуырда «Салтанат сарайының» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының ІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға қала әкімі Ернат Бәзіл, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және...

Ұстаз келбеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Педагог мәртебесі туралы арнайы заң қабылданып, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуда мемлекет тарапынан арнайы құрмет көрсетілуі тиіс екенін атап өткен болатын. Сонымен қатар балаларға жасанды интеллект негізінде оқыту жүйесіне назар аударылды. Соның бір дәлелі жуырда Жетісу облысы, Талды-қорған қаласында ұстаздар арасында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаздар» атты тақырыпта байқау еді. Байқау Талдықорған қаласында қалааралық,...

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары көрсетеді. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: 1. «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»; 2. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу»; 3. «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша...