-5.9 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 23 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 399

Өркениет көшіне ілескен ел

Биыл  Бикен  Римова  атындағы  Талдықорған театрының ашылғанына 48 жыл. Бұл бір азаматтың ер жетіп, ес жиятын, өзіне ғана емес, өзгеге де жөн сілтеп, жол көрсететін дер шағы. Шымылдығын ҒабитМүсі­репов­тің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы­мен» ашқан театр бұл аралықта көптеген әлемдік және қазақ драма­тургиясының классикалық шығар­ма­ларын сахналады. Тағдыры түрліше болған әрилы кейіпкерлердің жанын ұғып, бірде қайғы арқалап, бірде балаша шаттанып, жан...

Тәуелсіздік — ұлы ұғым

Сандуғаш Сейлғазинова, №42 балабақша меңгерушісі: Кез келген қоғам үшін оның біртұтастығы, дербестігі, тәуелсіздігі маңызды болып табылады. Себебі, тәуелсіздік – ұлы ұғым. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты рухы биік халық ретінде паш еткен бұл сәттің қалай келгенін баршамыз  білеміз. Бүгінгі бейбіт өмір үшін бабаларымыздың алдында қарыздармыз, осыны естен шығармағанымыз абзал.  «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз тегін...

Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік

Салтанат Жанабердиева Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің директоры:  Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіз Қазақстан қысқа мерзім ішінде қуатты да гүлденген мемлекет құруда үлкен табыстарға қол жеткізді. Тиімді де бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды. Еліміз  кемелденген, қуатты мемлекетке айналды. Бүгінде  бірліктің, татулықтың үлгісін көрсетіп келеді. Елорданы Сарыарқаның төріне көшіру еліміздің геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және...

Ащы термен келген тәтті жеңіс

Гүлниса Тұлымшақова, қалалық мәслихат депутаты: Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.  Егеменді ел болғандығымызды тәңірдің берген үлкен сыйы деп қабылдауымыз керек. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім бере салған жоқ. Ұшса құс қанаты талатын кең байтақ жердің барлығы бабаларымыздан мұра болып қалған. Бүгінгі буын осыны білуі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы кезекті...

Өшпес рух пен қайсарлықтың жемісі

Әділет Рымтаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы: Тарихы тереңде жатқан елдің  өз алдына қайта егеменді ел болған күні - Тәуелсіздік күні. Өшпес рух пен қайсарлықтың жемісі болған бұл күннің мәртебесі барлығынан асқақ. "Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!" - деп тілеген ата-бабамыздың арманы орындалды.  Бұл күнге қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткердік. Егемендік жолындағы халқымыздың көрген бейнеті мен тартқан тауқыметі...

Рух пен қайсарлық жемісі

Баға жетпес байлығымыз – Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Халқымыздың «Ырыс алды - ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық - бейбіт күн мен татулықтың темірқазығындай біздің ең басты құндылығымыз, қастерлі қазынамыз. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген қай заманда да, қай қоғамда да мәнін жоймайтын өнегелі өсиетті мемлекеттік саясаттың мықты бір қағидасы ете білген қазақ халқы...

Әр бастама жемісті болсын!

Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына  - 32 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл...

Азаттықтың әр сәті – аманат

Осыдан 32 жыл бұрын 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданған еді. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Дегенмен, бұдан Тәуелсіздік күнінің рөлі аласармайды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздіктің 32...

Ел еркіндігі – ұлттық құндылық

-Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміздің тәуелсіздік алғанына -  32 жыл. Отыз екі жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл - атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің...

Қазақтың қасиетті де баға жетпес бақыты

Қазақтың ең қасиетті де баға жетпес бақыты,  ұлан асыр, ақ түйенің қарны жарылған ұлық мерекесі Тәуелсіздік тойы!     «… Қазақ өзіңнің кім екеніңді ұмытпа қайсар, текті ұлтсың.   Сан ғасырлық тарихың бар жаужүрек мықты жұртсың. Дүние кезек деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Нақты дерек көздеріне жүгінсек, тарихта  Түрік қағанаты 51, Кеңес одағы 69, Ресей империясы 196, Алтын орда 260,  Чиң...