Ынтымақты ұран еткен халықпыз

43

Серік Жансеңгіров, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты: Баршамыз үшін осы күннің мәні де, маңызы да жоғары. Бұл күн – ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге қазақты рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған күн. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың Тәуелсіздік жылдары бағындырған белестері орасан, табыстары толағай. Қазақстан демократия, тең құқықтық және серіктестік қағидаларына негізделген дамудың жаңа сатысына енді. Бүгінде еліміз ұлттық мүдделеріміздің, демократиялық құндылықтарымыздың нығаюы, азаматтарымыздың әл-ауқатының өсу жолына түсіп, халықаралық алаңда лайықты беделге ие болды. Әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген бағдар дамуға жаңа жол ашты.  Еліміз   «елдің ішінде де, айналасында да бейбітшілік», «әралуандық арқылы – бірлікке» ұранын әрдайым берік ұстануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз