Батырбек Қайыпбай, «Жастар Рухы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы: 25 қазан — еліміздің тәуелсіздігі мен қалыптасуының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күн — Қазақстанның болашақтағы өркендеуі мен дамуына негіз болған мемлекетіміздің жандануы мен нығаюының символы. Біз осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұта аламыз: экономикадағы, мәдениеттегі, білімдегі және халықаралық аренадағы жетістіктеріміз — халықтың қажырлы еңбегі мен бірлігінің нәтижесі. Республика күні — қазақстандықтардың күші мен рухының, жаңа биіктерге ұмтылудың және жарқын болашақты құрудың мерекесі. Біздің Қазақстан өркендеуін жалғастыра берсін, ал, біз оның құндылықтары мен бай мұрасын сақтаймыз.