Толымбек Данабеков: Түп шежіресі тереңнен бастау алатын еліміз талай қиындықты бастан өткерді. Десе де, өзінің асқақ, өр рухымен барлығын еңсере білді. Бабалар арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қол жеткіздік. Баршамызға мәлім, 25 қазан — Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Заңға сәйкес ұлттық мереке ретінде елдің дамуына айтарлықтай әсер еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалар болған күн бекітіледі. Жылнамалар шежіресіне көз жүгіртсек, еліміздің тәуелсіздігі шынымен де, осы күннен басталады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке Тәуелсіздікті дәріптеп, нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз.