Бөлшек салық арнаулы салық режимі 364 қызмет түрін қамтиды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес арнаулы салық режимі енгізілген болатын. Аталмыш салық режимі - салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері үшін неғұрлым жеңіл шарттарды көздейтін жаңа формат. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қазіргі таңда рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бөлшек саудаға және негізінен халыққа қызмет көрсетуге байланысты 364 қызмет түрін қамтиды. Бұл жөнінде Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті...
Зайырлы мемлекет ұлт пен дін тұтастығының кепілі
Ата Заңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп көрсетілген. Ұлттың жан-жақты білімі, рухани байлығы – аса маңызды мәселе. «Дініміз бен дәстүрімізден жаңылмасақ, біздің бағындырар белесіміз де, алар асуымыз да көп болмақ». Бұл бағытта дін саласын реттеуге бағытталған заңнамалық актілер негізінде...
Қорқудың қажеті жоқ — білу қажет!
АИТВ-инфекциясының алдын алу мен оған қарсы күрес, профилактикалық шаралар негізінде түсіндіру жұмыстары бойынша жасөспірімдер арасында «Қорқудың қажеті жоқ - білу қажет!» атты жиын өтті. Айта кетейік, акция Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұлттық денсаулық сақтау қызметінің бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Аталмыш шарағаоблысорталығының жалпы білім беретін мектептерінің 100-ге жуық оқушысы қатысып, денсаулық сақтау мен ақпараттандырудың маңызды мәселелерін талқылай отырып,...
Қысқы маусымға дайындық барысы тексерілді
Қала әкімі Ернат Бәзіл коммуналды қызметтің ұжымдарымен кездесіп, техникалардың, қажетті материалдардың қысқы маусымға дайындықтарын тексерді.
Ағымдағы жылы қаланың жол құрылымы мен жаяу жүргіншілер жолағын қардан тазалаумен айқындалған негізгі 4 бағыт бойынша «Талдықорған Көркейту» ЖШС, «АБС ЛДстрой» ЖШС, «Шығыс-4» ЖШС және «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС сондай-ақ, қосымша айналмалы жолдарда «QazAvtoJol» кәсіпорындары айналысады. Жалпы, Талдықорған қаласы бойынша 644 көше бар, жалпы ұзындығы...
МБС деген не?
Бүгін МБС сервисі туралы айтамыз. Ол нені білдіреді және жеке деректердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді? Толық ақпарат біздің айдарда.
“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы
Елімізде кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі
Мәжіліс отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ата-ананың қарауынсыз, тұрмыстық қиын жағдайда қалған балаларды қабылдаушы отбасы институтын заңға енгізу мәселесін түсіндіріп берді.
Мәжіліс отырысының бірінші оқылымында депутаттар білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Оқу-ағарту министрлігі бастамашы болған түзетулер кәсіби қабылдаушы отбасы тұжырымдамасын заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына орналастырудың балама нысанын белгілеу арқылы жетілдіруге...
Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары бекітілді
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары мақұлданды. Жаңа редакцияда 6 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы 13 нормативті-құқықтық актіге түзетулер енгізу қажет.
Премьер-министр 19 заң жобасының 12-сі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар экономиканы орнықты дамуына, денсаулық сақтау жүйесін және азаматтардың өмір сүру сапасын...
Әлеуметтік қызметкерлер даярлау және оңалтуға арналған техникалық құралдар, инватакси – Олжас Бектенов мүгедектігі бар жандарды қолдау бойынша оң тәжірибені кеңінен таратуды тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Тиісті министрлер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, медициналық көмек, оқыту және олар үшін кедергісіз орта құру мәселелері туралы баяндады. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдар өкілдері, бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.
Қазақстанда барлығы 732 мың мүгедектігі бар адам тіркелген. Үкімет азаматтардың осы санатын қолдау және жайлы кедергісіз ортаны қалыптастыру...
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде ерекше қонақжайлық көрсеткен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен біртуған қырғыз халқына шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ «Ынтымақ Ордо» ғимаратында өтіп жатқан алқалы жиын Түркі мемлекеттері ұйымының 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанына назар аударды.
– Бұл – мерейлі белес. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Түркі мемлекеттері ұйымы аз ғана уақыт ішінде беделді құрылымға айналды....
Шетелдік дәрігер кардиоорталықта мастер класс өткізді
Жетісу облыстық кардиологиялық орталықта өңір медицинасындағы маңызды оқиға – халықаралық мастер-класс өтті. Іс-шара барысында әлемге әйгілі кардиохирург, Германиядан келген профессор Торстен Ханке жүрек аритмияларын емдеуге бағытталған көрсетілімдік операциялар жүргізді.
Профессордың жетекшілігімен митральды, аорталық қақпақшаларды протездеп, қолқа-тәжді шунттау және өткізгіш жолдарды криоабляциялау процедурасын, сондай-ақ криоабляция процедурасымен митральды қақпақшаны протездеу орындалды.
Торстен Ханке Гамбург қаласындағы Asklepios Klinikum Harburg клиникасының жетекші кардиохирургы ретінде аритмияларды...




























