Қорқудың қажеті жоқ — білу қажет!

4

АИТВ-инфекциясының алдын алу мен оған қарсы күрес, профилактикалық шаралар  негізінде түсіндіру жұмыстары бойынша жасөспірімдер арасында  «Қорқудың қажеті жоқ —  білу қажет!» атты жиын өтті. Айта кетейік, акция Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұлттық денсаулық сақтау қызметінің бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Аталмыш шарағаоблысорталығының жалпы білім беретін мектептерінің 100-ге жуық оқушысы қатысып, денсаулық сақтау мен ақпараттандырудың маңызды мәселелерін талқылай отырып, өздерінің таланттары мен шығармашылық жұмыстарын көрсетті. «ҚосҚанатЖетісу» қоғамдық ұйымы оқушылардың төл  туындыларынан құралған  көрмені келушілер назарына  ұсынды. Іс-шараға қатысқан арнайы қонақтар дауыс беру арқылы ең таңдаулы суреттерді бағалап, жеңімпаздар анықталды. Марапаттау салтанатында «Қос Қанат Жетісу»қоғамдық ұйымының басшысы Елена Радионовамен АИТВ-инфекциясына қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың қызметкері Жарас  Саутбеков инфекцияның пайда болу жолы мен салдары жөнінде толыққанды ақпарат беріп, шығармашылық белсенділік танытқан оқушыларға алғыстарын білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз