Зайырлы мемлекет ұлт пен дін тұтастығының кепілі

3

Ата Заңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп  көрсетілген.  Ұлттың жан-жақты білімі, рухани байлығы – аса маңызды мә­селе. «Дініміз бен дәстүрімізден жаңылмасақ, біздің бағындырар белесіміз де, алар асуы­мыз да көп болмақ».  Бұл бағытта  дін саласын реттеуге бағытталған заңнамалық актілер негізінде өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, мәселелерді талдау, БАҚ-тағы жарияланымдарды құқықтық жағынан реттеудің әдіс-тәсілдерін үйрету бойынша шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде.

АТТ құрамының мүшесі, Жетісу университетінің  жобалық кеңсе басшысы  Мирас Абдрахим журналистер қауымымен жүздесті. Жиын барысында дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтау мәселелері, деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстардың жүзеге асырылуы, жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, спикер дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс-шаралар, жастармен ұйымдастырылған жұмыс жөнінде де тілге тиек етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз