Бөлшек салық арнаулы салық режимі 364 қызмет түрін қамтиды

96

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес арнаулы салық режимі енгізілген болатын. Аталмыш салық режимі — салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері үшін неғұрлым жеңіл  шарттарды көздейтін жаңа формат. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес  қазіргі таңда  рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бөлшек саудаға және негізінен халыққа қызмет көрсетуге байланысты 364 қызмет түрін қамтиды. Бұл жөнінде Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев толық мәлімдеді.

Спикердің айтуынша бөлшек салық режимін қолданудың мынадай  артықшылықтары бар. Осы режимді қолданатын салық төлеушілер бұл кірісі жылына 600,0 мың АЕК-тен аспайтын және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі белгіленген тізбеге кіретін қызмет түрлерін жүзеге асыратындар, айналым мөлшеріне қарамастан табыс бойынша белгіленген шегіне дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмауға құқылы. Салық салу объектісін қызметкерлердің жалақысын төлеуге арналған шығыстар сомасына азайтады, егер салық төлеуші микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын болса, ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінің орнына қызметкерлердің кірістерінен бірыңғай төлем төлеуге көшуге құқылы.  Ринат Айдарұлы «Қызмет түріне байланысты мөлшерлеме мөлшерін (4%) көп дегенде 50%-ға (яғни 2% -дан төмен емес) төмендетуге жергілікті өкілді органдардың құқығы бар. Бұл өңірлік деңгейде қандай да бір қызмет түрін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл белгілі бір салық төлеушілерге артықшылықтар берілуі мүмкін дегенді білдірмейді: төмендетілген мөлшерлемелер тек жалпы қызмет түріне, яғни осы қызмет түрімен айналысатын барлық салық төлеушілерге таралуы мүмкін»-деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз