Қысқы маусымға дайындық барысы тексерілді

96

Қала әкімі Ернат Бәзіл коммуналды қызметтің ұжымдарымен кездесіп, техникалардың, қажетті материалдардың қысқы маусымға дайындықтарын тексерді.


Ағымдағы жылы қаланың жол құрылымы мен жаяу жүргіншілер жолағын  қардан тазалаумен айқындалған негізгі 4 бағыт бойынша   «Талдықорған Көркейту» ЖШС, «АБС ЛДстрой» ЖШС, «Шығыс-4» ЖШС және «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС сондай-ақ, қосымша айналмалы жолдарда «QazAvtoJol»  кәсіпорындары айналысады. Жалпы, Талдықорған қаласы бойынша 644 көше бар, жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асады. Ернат Дүйсенбекұлы «Бүгінгі таңда техникалық базаны, инертті материалдарды тексеріп шықтық. Дайындық 100 % көрсеткішті көрсетеді. 200 –ден астам техника, 5000 тоннадан  астам құм, 1500 тоннадан астам тұз дайындық базаларында тұр. Қала тазалығы мен көркейту ісінде «Талдықорған Көркейту» ЖШС арнайы келісімге отырып, бюджеттен қаражат бөлініп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды.  Нәтижесінде қар жауу кезеңінде белгілі бір аумақты 3 сағатта тазалайтын уақыт 1,5 есеге азаяды деп күтілуде»-деп атап өтті. Рейдтік шара барысында техникалық құрылғылардың қауіпсіздік талаптарының сақталуы, мердігер ұйымдардың жұмыс барысында мейлінше жауапкершілік таныта отырып, құбылмалы климат жағдайында дер кезінде шешім қабылдап, жедел қызмет атқару, сонымен қатар, кадр тапшылығының алдын алу мақсатында  жүргізушілер жалақысын кезең-кезеңмен жоғарылату мәселесі көтеріліп, тапсырма берілді.

Айта кетейік, жылдағы дәстүрге сай жылыту маусымы уақытылы басталды. Бүгінде қаламызда жылумен және ыстық сумен қамтып отырған 10 қазандық жұмыс істейді. Сондай-ақ, қаламыздағы ең үлкен «Басқуат» жылу қазандығының жүктемесін азайту мақсатында қосымша жаңа қазандық салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы Гагарин, Алдабергенов, Қаблиса жырау, Жансүгіров, Қабанбай батыр көшелерінде жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 5,4 шақырымды құрады. Сонымен қатар, Абай, Дарабоз ана, Қабанбай батыр, Балпық би көшелерінде жаңа жылу желілері салынды. Мамандардың айтуынша аталмыш жұмыстар қала аумағында жылыту маусымы кезінде орын алатын авариялық жағдайды болдырмау, шаһарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз