18.1 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 10 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 390

Биыл су тасқынына дайындық барысында Жетісу облысында 5,6 шақырым өзен жағалаулары нығайтылды

Жетісу облысында су тасқынына қарсы іс шаралар белсенді жүргізілуде. Осы орайда биылғы қыркүйек айында Панфилов ауданы Бұрақожыр өзенінің жағалауын нығайтылса, тағы бір учаске - Текелі қаласындағы Қора және Қаратал өзендерінің жағалауларын нықтау жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр. Текелі қаласы – таулы аймақ. Сондықтан, төтенше жағдайлар саласы мамандарының айтуынша, Текелінің су тасқынына қатысты қауіптілігі жоғары саналады. Қаланың ішімен үш өзен -...

«Жыл волонтері» облыстық сыйлығына өтінімдер қабылдануда

5 желтоқсан –  Халықаралық волонтерлер күніне орай үздік волонтерлерді марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа таныстыру мақсатында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда. Бұл байқау — өз қоғамына көмек көрсетуді мақсат еткен жандарды тану және қолдау мүмкіндігі. Осы орайда толық мәліметтермен Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Жанерке Бексеитова мен «Мейірімді Жетісу» облыстық волонтерлер...

Жас сарбаздар Ант қабылдады

   2024 жылғы 10 қарашада  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында  «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті. Ауқымды шараға жергілікті құзырлы органдардың басшылары,сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары қатысты. Бес жүзге жуық сарбаз Отан алдында Ант кабылдағанан кейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев жас сарбаздардың әскери қызметтеріне...

Үйгентастық шекарашылар қырағы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл  ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Үйгентас»шекара бөлімшесі шекара шебін қырағы күзетіп жүрген әскери ұжым. Капитан Ілияс Құмаров басшылық жасайтын шекара сақшылары жауынгерлік қызметте алда келеді. Шекара шебінің тәртібін бұзған азаматтық тұлғалар дер кезінде анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Табиғаты жағынан күрделі де қиын таулы аймақты күзететін шекарашылар анттарына берік. Жылдың төрт маусымы мен тәуліктің...

Сарбаз болғым келеді

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Жетісу облыстық филиалы, «Taldyqorgan jastary» филиалы және Дауренбаев Есет Жеңісұлы Жетісу облысы Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери қызметті насихаттау жөніндегі инспекторының қатысуымен Сағадат Нұрмағамбетұлының 100 жылдығына орай «Сарбаз болғым келеді!» жобасы аясында Талдықорған индустриалды колледжінің белсенді жастарын 21 751 әскери бөлімінің жұмыс барысымен таныстыру мақсатында экскурсия...

Хабарландыру!

Құрметті талдықорғандықтар мен қала қонақтары! 2024 жылдың 13-16 қараша күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 241 ғимаратының мәжіліс залында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау бойынша жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізеді.

Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ

Баршаға мәлім, елдегі электр энергиясын тұтыну халықтың күнделікті өмір тіршілігімен тікелей байланысты. Ең жоғары жүктемелер таңертеңгі және кешкі сағаттарда, тұрмыстық тұтыну деңгейінің жандануына кезінде болады. Бұған дейін жүргізілген уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр жүйесінің жұмысында ешқандай үзіліс немесе тұтынушыларға шектеулер тудырмады. Ең жоғары жүктемелер сол деңгейде қалды, жалғыз өзгеріс кешкі ең жоғары тұтынудың ертерек басталуы болды. Дегенмен, бұл өсім...

Олжас Бектенов: Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету – Үкіметтің ең басты міндеттерінің бірі

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы ірі отандық фармацевтика компанияларының басшылары: «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» атқарушы директоры Светлана Киль, «Химфарм» компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Айгүл Исенова баяндама жасады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы дәрі-дәрмек...

Үкіметте жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов алдын алу жұмыстары туралы айтты, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады. ТЖМ мәліметінше, биыл қазан айының басынан бері тұрғын үй секторында орын алған 650-ден астам өрт тіркелген. Негізгі себептердің бірі – жылу жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің бұзылуы. Шыңғыс Әрінов өңірлер...

Мәнерлеп оқу байқауы Ілияс Жансүгіровтің мерейтойына арналды

 «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College»  бірлесе Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтойына орай  «Ілияс әлемі » атты қалалық мәнерлеп оқу байқауын  ұйымдастырды. Сайыстың аты сайыс, оза шапқандар  анықталды. Әділқазылардың шешімімен Ілияс Жансүгіров колледжінің білімгері   Нұрайжан...