Мәнерлеп оқу байқауы Ілияс Жансүгіровтің мерейтойына арналды

67

 «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College»  бірлесе Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтойына орай  «Ілияс әлемі » атты қалалық мәнерлеп оқу байқауын  ұйымдастырды.

Сайыстың аты сайыс, оза шапқандар  анықталды. Әділқазылардың шешімімен Ілияс Жансүгіров колледжінің білімгері   Нұрайжан Жапкен   1-орынға лайық деп табылды.

 Ал 2-орынды Талдықорған қаласының инновация колледжінен  Аяна   Өтеулі,            Талдықорған аграрлық — технологиялық колледжінен Мирас Даулетханов еншіледі.

 Сондай-ақ,  Талдықорған жоғары медициналық колледжі білімгері  Арай Сәлім, Талдықорған қаласының «Авиценна» медициналық колледжі білімгері Нұрасыл Бекболат және Сервис және технология  колледжі білімгері  Ұлпан Сатылхан  жүлделі 3-орын  тұғырынан көрінді. Ынталандыру сыйлығына  Нұртуған Тұрғанбек  пен Нұрдос Бағат ие болды. Байқау қатысушылары бағалы сыйлық, диплом және де жетекшілер   алғыс хаттармен марапатталды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз