Сарбаз болғым келеді

23

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Жетісу облыстық филиалы, «Taldyqorgan jastary» филиалы және Дауренбаев Есет Жеңісұлы Жетісу облысы Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери қызметті насихаттау жөніндегі инспекторының қатысуымен Сағадат Нұрмағамбетұлының 100 жылдығына орай «Сарбаз болғым келеді!» жобасы аясында Талдықорған индустриалды колледжінің белсенді жастарын 21 751 әскери бөлімінің жұмыс барысымен таныстыру мақсатында экскурсия өтті.
Шара барысында – жастар әскери техникалар, әуе техникалары және әскери ұшақтармен танысты. Шараның мақсаты – жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз