Жас сарбаздар Ант қабылдады

105

   2024 жылғы 10 қарашада  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында  «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті.
Ауқымды шараға жергілікті құзырлы органдардың басшылары,сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары қатысты.

Бес жүзге жуық сарбаз Отан алдында Ант кабылдағанан кейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев жас сарбаздардың әскери қызметтеріне ақ жол тіледі.
Қүттықтау сөз жауынгерлердің ата-аналары мен жас сарбаздарға да берілді. Салтанатты шараның соңы өнерлі әскери кызметшілердің концерттік ән шашуына жалғасты. Жиналған кауымға шекара сақшылары қоян-қолтық ұрыстан көрініс көрсетті. Қызметтік итті колдану арқылы шекара бұзушыларды тұзақтаудың әдіс-тәсілдерінен көрсетілім қойылды.

                                                 КР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз