-4.5 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 25 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 376

QAZAQ AIR Түркістаннан Самарқандқа ұшатын болады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы алғаш рет Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын іске қосады. Алғашқы рейс 15 наурызға жоспарланған. Әуе тасымалы аптасына 2 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы ұшақтарымен келесі кесте бойынша жөнелтіледі: Жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша): IQ 509 Түркістан 20: 20-Самарқанд 21:20 IQ 510 Самарқанд 22:10-Түркістан 23:10. Тарих пен мәдени мұраға бай түркі әлемінің алтын бесігі – Түркістан мен...

Елімізде 11 жастан асқан қыздарға вакцина салынады

Елімізде 11 жастан асқан қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынатындығы хабарланды. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанда қолданылады. Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Латын Америкасы елдерінің көпшілігін қоса алғанда, әлемнің 117 елі адам папилломасы вирусына қарсы вакциналарды өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді. Ал Қазақстанда...

Оразада қалай тамақтанған жөн?

Ислам дінін ұстанатын мұсылман қауымы үшін ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы басталды. Ораза – үлкен дайындықты талап ететін физикалық және рухани тәжірибе. Физиологиялық тұрғыдан организм соңғы тамақтанудан кейін шамамен 8 сағаттан соң, яғни ішекте қоректік заттардың сіңуі аяқталғаннан кейін аштық күйіне енеді. Қалыпты жағдайда бауыр мен бұлшықеттерде гликоген ретінде сақталатын глюкоза организм үшін негізгі энергия көзі болып саналады. Ораза кезінде глюкоза...

Төтенше жағдай орын алғанда қандай сақтық шараларын жасау керек?

Жақында Алматы қаласында кезекті жер сілкінісі болғандығы баршаға мәлім. Осыған байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері БАҚ өкілдеріне Төтенше жағдайлар кезінде өз-өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтып, іс жүзінде көрсетті. Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясына облыстық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Қалдыбек Төлеұлы, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Арыстанбек Туменов және облыстық ТЖД төтенше...

Жетісу облысында осы жылдың қыркүйегінде папиллома вирусына қарсы екпе басталады

Жатыр мойны обырының дамуына адамның папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы  - вакцинация. Сондықтан биыл қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе басталады. Бұл  туралы облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова және Талдықорған қаласының  облыстық  көпсалалы  клиникасының директоры Мадияр Өмірбаев баспасөз-конференциясында айтып...

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!  Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді берекелі Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын...

Шоколадты құлпынай ханшайымы

Шоколадты құлпынай қазіргі таңда қыз-келіншектер арасында өте танымал тәтті тағамның бірі. Сәйкесінше аталмыш салада бәсекелестік те артуда. Алайда оған алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі, бәсекелестік бар жерде жұмыс сапасы да жақсара түспек. Кәсібін махаббатпен жасап,  жаңа идеялар ұсынып, табысын да арттырып отырғандардың бірі Ақнұр Байтас. Ол балғын құлпынайдың жоғарғы сұрпы  мен бельгиялық шоколадтың қосындысынан жасалған  дәмі тіл үйірер дүниені...

Әйел барда – әлем бар

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында өңірдегі қыз-келіншектерді құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Салтанатты шараға   еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар мен әр салада еңбек етіп жүрген  қарапайым нәзік жандылар қатысты. Ернат Дүйсенбекұлы «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының жылуы, береке-бірлігі. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына Сіздер мол үлес қосып келесіздер. Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі...

Бас мүфти рамазан айына орай кәсіпкерлерге Үндеу жасады

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады. «Осы ретте барша отандастарымды қасиетті айда жүзеге асатын «Рамазан қоржыны», «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі» «Жомарт жұма», сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы...