Еуропалық хас шебердің фортепианолық сазы

41

6 желтоқсанда алғаш рет танымал венгриялық дәулескер пианист Дьёрдь Оравец«Астана Опера» сахнасына шықты. Ол өзінің ұлы отандасы, біртуар композитор Ференц Лист дәстүрлерінің әлемге әйгілі жалғастырушысы әрі туындыларының шебер түсіндірушісі.«Еуропа майталмандарының ұмытылмас әуендері» жарқын концерті Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен елордалық театрдың К.Байсейітова атындағы Камералық залында өтті.

Керемет венгр пианисі Дьёрдь Оравецтің өнер көрсетуіне үздік әлемдік залдарда көпшілік қол соққан. Оның концерттерін Венгрия, Италия, Франция, Бразилия мен басқа да елдердің жетекші телеарналары мен радиостанциялары таратқан, ал оның орындауындағы классика жауһарларының жазбалары ірі музыкалық лейблдерде шыққан. Оның ұстазы, әйгілі пианист әрі дирижер Золтан Кочиштің айтуынша, «ол көп жағдайда өзінің техникалық шеберлігін, стилистикалық дәлдігін және әлбетте,өз  музыкалық тұлғасының бірегейлігінанық дәлелдеген нағыз әртіс». Елордалық театрдағы концерті алдында Дьёрдь Оравец сұхбат беріп, онда музыкаға деген көзқарасы, сондай-ақ қайдан шабыт алатыны, нені мақтан ететіні жайлы айтып берді.

— Маэстро Оравец, сіз бала күніңізден бастап музыкамен айналысасыз. Өміріңізді фортепианомен байланыстыруыңызға не себеп болды?

— Өткенге қарайлай отырып, болмашы жайттардың мансап таңдауға қалай әсер ететінін көресің. Ата-анам менің музыкалық қабілетімді біршама ерте байқағанымен, аспап таңдауым сәтті кездейсоқтық болды, себебі ол кезде мен түрлі аспаптар туралы өте аз білетінмін.

— Сіз көптеген біртуар әлемдік композиторлардың музыкасын орындайсыз, алайда сіздің репертуарыңызда Ференц Листтің шығармашылығы ерекше орын алады. Ұлы классикпен айрықша байланысты сезесіз бе?

— Листтің музыкасымен үшін алғашқы тәжірибе болды. Ол кезде композитордың нені қалайтынын қандай да бір арнайы түсіндірулерсіз өзім ішкі түйсікпенсездім, ал туындылардың техникалық орындауын басқа композиторлардікіне қарағанда түсіну біршама жеңіл болды. Бәлкім, бұл көбінесе жас шамасына байланысты болған шығар, дегенменЛист шығармашылығымен қарым-қатынасым шынымен де мансабымның үлкен бөлігін анықтап берді.

— Білуімізше, 1993 жылы Римде италиялық тарихшылар тапқан фортепианоны көпшілікке таныстыру құрметі өзіңізге бұйырған екен. Бұл фортепиано кезінде арнайы Ференц Лист үшін жасалыпты. Кемеңгердің аспабын ұстағандамузыкант қандай сезімде болады?

— Бұл керемет сәт болды. Аспапты ұқыптылықпен қайта қалпына келтірген, онықолданысқа жаратқан шеберлерге алғысымды айтамын. Бұл тәжірибенің ерекше болуының тағы бір себебі – фортепиано XIX ғасырда бізге бүгінде таныс аспапқа айналды, әйтсе де бұл фортепиано дамуының аралық кезеңін білдіретін үлгі болатын.

— Сіз осыған дейін де өнер көрсеттіңіз. Қазақстандық музыкамен таныссыз ба және «Астана Опера» театры жайлы бұрын-соңды естігеніңіз бар ма?

— Астана әрдайым көптеген таңғажайып жаңалықтар ұсынады. Мұнда бірнеше рет келсем де қаншама тың дүниелер пайда болатыны сонша, барлығын байқауға үлгермейсің. Соңғы келгенімде өнер университетімен жақынырақ танысудың сәті түскен еді, ал бұл жолы «Астана Операға» келуге мүмкіндік болады.

— Алдағы концертке не дайындадыңыз және не себепті таңдауыңыз дәл осы туындыларға түсті? Сіздің репертуарыңызда олардың маңызы қандай?

— Бұл концерттің бағдарламасы –жыл соңындағы өзіндік бір қорытындытоптама жәнеәлбетте венгр музыкасының барлық репертуарын қамтымаса да, соның негізі бар еуропа музыкасының көрінісі іспетті.

— Шығармашылық үшін шабытты қайдан аласыз? Музыкадан басқа тағы немен шұғылданасыз?

— Бәлкім, менің жеке шығармашылығыма бәрінен де көп әсер ететіні – көркем әдебиет шығар. Шын мәнінде менің барлық әуестіктерім қандай да бір спорт түрімен немесе басқамузыкалық жанрмен байланысты екенін айтуым керек. Бұдан бөлек, маған театр және оның әуесқой нұсқасы қатты ұнайды.

— Сіздің футболмен шұғылданатыныңызды естідік. Бұл әуестік қалай пайда болды және футбол өміріңізде қандай орын алады?

— Футбол мен үшін – ең сүйікті істердің бірі. Қайткенмен де маған физикалық жүктеме қажет, егер доптың соңынан жүгірмесем,бір матчкезінде жүгіретін шақырымдардың жартысын да еңсере алмас едім. Айтпақшы,бала кезімде мен ерекше қызығушылық танытқан спорт түрібокс болатын, алайда ата-анам мені рингке жібермеді. Мүмкін, бұл «жоғалтуды» фортепианоның есебіне жатқызуыма болатын шығар (күлді).

— Сұхбаттарыңыздың бірінде қызыңыздың акробатикадан екі дүркін әлем чемпионы екенін айтқан едіңіз. Балаларыңыздың жетістіктерімен мақтанасыз ба? Олардың өмірінде музыка белгілі бір орын ала ма?

— Мен дәстүрлі ата-ананың көзқарасына иемін деп айтар едім. Балаларымды қатты мақтан етемін және олар белгілі бір салада үздік нәтижелерге қол жеткізсе, бұл мен үшін қуанышты жағдай. Үлкен қызым мен үлкен ұлым спортпен айналысады, бірақ та екеуінің де өмірінде музыкаға орын бар, ал кішкентай қызым кім болғысы келетінін әлі шешкен жоқ, бірақ музыка оның мамандығына айналуы екіталай. Орайы келсе, бұл жайлы келесі сұхбатымызда әңгімелесерміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз