-2.5 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 26 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 373

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді

Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. – Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл тілектерін тілеп, дұғаларын жасайды. Жұртшылық иманын күшейтіп, рухани тазарады. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмектеседі, басқа да игі амалдар...

Талдықорғанда Қайырымдылық күніне орай 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

Биыл елімізде наурыз мейрамын ерекше серпінде бастап жатыр. Кеше ғана 14 наурыз Көрісу күні Амал мерекесін тойланса, ал бүгін жақсылық пен жанашырлыққа толы Қайырымдылық күнін атап өтуде. Осыған орай, талды қаламызда қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Акция барысында көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін балалардың отбасыларына сый-құрмет көрсетіліп, наурыз тойының сарқыттарынан дәм ұсынылды. «Наурыз мерекесі қарсаңында келіп, құттықтап тәтті-дәмділерін беріп жатқандарына қуанып қалдық отбасыммен....

Қазақстандық шаңғышы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев алғаш рет FIS кубогінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы өзге дереккөздеріне сүйене отырып, Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлаймыз. Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр. Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру...

Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады

Президент былтырғы күздегі Жолдауында Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы айтқанын, ақпан айының басында Үкімет құрамы ауысқанын, жаңа міндеттер жүктелгенін еске сала кетті. «Дегенмен, нағыз дамыған ел болу үшін тек экономикалық мақсат қою жеткіліксіз. Әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да салалардағы бағдарымызды айқындап, нақты шараларды қолға алуымыз керек. Сондықтан биыл Ұлттық құрылтайды жылдағыдай жазда емес, ертерек өткізіп отырмыз. Осы орайда, бірқатар...

Халқымыздың сөзі де, ісі де – бір болуы қажет

«Ашығын айтуымыз керек, біз тарихқа келгенде көбінесе эмоцияға беріліп кетеміз. Өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейді, оның пайдасынан гөрі, зияны көп. «Өспейтін елдің баласы өнбейтін дауды қуады» деп бекер айтпаған. Өткен іс өтті, енді оны ешкім өзгерте алмайды. Уақыт ең әділ төреші екенін ұмытпайық», деді Президент. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақ еліне мызғымас ынтымақ пен бірлік керек екенін алға тартты. «Қазіргі тарихи...

Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында ел тағдыры үшін өзекті мәселелерге тоқталды. Президент қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту - мемлекеттің басты бағыты, мызғымас ұстанымы екенін айрықша нұсқады. «Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық. Қазір ірі кітап...

Кене энцефалитінен сақ болыңыз

Вирус тасымалдаушы кене адамды шаққанда нерв жүйесін зақымдайтын кене энцефалит ауыруына   себеп болатынын білу қажет. Кене денеге қадалғанда ауырсыну тудырмайды. Кене тұмсығымен теріні тесіп, қанды сорғанда, оның көлемі 80-200 есеге өседі. Осы кезде қанға вирус енеді. Кене қадалуға қолайлы орындар: бастың шашты бөлігі, мойын, бел аймағы, қолтық асты, іш және шап аймағы.  Аурудың ағымы кененің денеге қадалу аймағы мен қанды сору...

Жетісу облысының азаматтары былтыр 19 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды

2005 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Жүйенің қалыптасу жылдарында Жетісу облысы бойынша қатысушыларының саны 156 мың адамға жетті. Өткен жылы Жетісу облысы бойынша 41 мыңға жуық адам Қордан жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем алды. Әлеуметтік төлем түрлеріне тоқталсақ, жүйе еңбекке...

«Құрылтай – той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес»

Атырауда Президенттің төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтіп жатыр. Президент өз сөзін Атырау облысының тарихи мәні мен стратегиялық маңызын түсіндіруден бастады. «Ұлы Жібек Жолының бойында тұрған қала бір кездері айрықша геостратегиялық рөл атқарған. Батыс пен Шығыстың экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынасына ерекше ықпал еткен. Атақты хандарымыз осы жерге ордасын тігіп, ел билеген. Бірқатары Сарайшықта мәңгілік мекенін тапқан. Тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ хандығын...

Жетісуда МӘМС жүйесі бойынша 568 мың азаматтың денсаулығы сақтандырылған

Жетісу облысында тұратын 698 мың адамның 568 мыңы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеті – пациенттердің құқықтарын қорғау. Сондықтан қордың мамандары көрсетілетін қызметтердің сапасына үнемі мониторинг жүргізіп, сақтандырылған азаматтардың туындаған мәселелерін жедел шешуге тырысады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Иван Самойленко МӘМС жүйесі бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар...