Өңірлеріміз қуатты болуы керек

7

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырғаны баршаға мәлім.

Президенттің бүгінгі Жетісу облысына жұмыс сапары «Талдықорған» индустриялық аймағында орналасқан өндірістік аккумулятор шығару зауытының жұмысымен танысудан басталды. Өз сөзінде ол «Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз», – деп отандық бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі тың бастамаларды құптады. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, аталмыш бағыттағы тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Әсел Барибаева, облыстық мүгедектер қоғамының жетекшісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз