-Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз, – деді Президент.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстағы кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ отандық бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін жеткізді.