19 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 8 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 366

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді. Мерекелік шара флешмоб биімен...

Коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі мен экономикалық тиімділік —  басты назарда

Жыл басынан Жетісу облысы бойынша Табиғи  монополияларды реттеу департаментіне тарифтерді өзгертуге 69 өтінім келіп түсті, оның ішінде 15 өтінім түрлі себептермен қайтарылды. Сонымен қатар 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде «ТАТЭК» бойынша 1 өтінім қаралды. Тарифтердің өсуіне байланысты осал топтарды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегі механизмдері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, электр...

Көлік логистикасын дамыту — болашаққа жол ашу

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған биылғы Жолаудауында инфркақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді тапсырған болатын. Осы орайда Жетісу облысында құны бірнеше миллиардтаған жобаларды жүзеге асыру ісі қолға алынып, қарқынды жүргізілуде. Қуатты жобалардың қатарында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Қазақстан-Германия бірлескен жүк және жолаушылар әуежайын салу, «Достық» станциясындағы қуаттылығы жылына 350 мың контейнерді тасымалдауға арналған «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды терминалын ,...

Облысымызда туристік инфрақұрылымды дамыту ісі ілгерілеуде

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауының төртінші бағытында «Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек.Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын,теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді шаруаларды шешкен жөн»- деген еді. Жетісу облысында  Президент тапсырмасын лайықты орындау барысында инвестиция тарту,жүк легі мен транзитті...

Жетісу облысында 549 өнеркәсіп орны тіркелген

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілгендей, біз еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қажет. Қазір облыста цемент, аккумулятор батареялары, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі дамуда. Жалпы өңірде 549 өнеркәсіп орны тіркелген, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Қорғас желісі мен «Достық» станциясы — Жетісудың экономикалық өсу нүктелері

Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту...

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы үйлі болды

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы  баспаналы болды. Атап айтқанда, Талдықорғанда 37 жаңа пәтердің, Сарқан қаласында 20 жеке тұрғын үйдің кілттері тапсырылды. Сарқан ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аудан орталығында баспана салу мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. - 2022 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 5 қабатты 50 пәтерлі үй, өткен жылы «Болашақ» шағын ауданында екі...

Жетісу облысында архив қызметкерлері марапатқа ие болды

Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары, жылнамалары бар. Осы ретте архив ісіне жүктелетін жауапкершілік орасан зор. Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы. Архив қызметкерлері – тарихымыздың тамыры, құнды құжаттардың шын жанашырлары. Талдықорған қаласындағы Дәнеш  Рақышев атындағы филармониясының ғимаратында архив саласы қызметкерлерінің  кәсіби мерекесіне орай салтанатты...

«Жыл үздігі-2024» . Үздік шекара бөлімшесінің бастығы

ҚР ҮҚК Шекара қызметінің жылдық қорытындысында «Үздік шекара бөлімшесінің бастығы» номинациясының иегері ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Ынталы» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Бағлан Сейітжан танылды. Бағлан Қожахметұлы басшылығымен ынталылық шекара сақшылары 2024 жылдың нәтижесінде жауынгерлік қызметтің жоғары нәтижесін көрсетті. Атап айтар болсақ, шекара бөлімшесінде бірнеше адам мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін ұсталса, мемлекеттік...

Жыл үздігі-2024». Үздік шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жылдық қорытындысында «Үздік шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы» номинациясының иегері ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Қорғас шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы, подполковник Нұржан Керченов танылды. Нұржан Серкұлының басшылығымен нұржолдық шекара сақшылары 2024 жылдың нәтижесінде жауынгерлік қызметтің жоғары нәтижесін көрсетті. Атап айтар болсақ, онға жуық бөтен құжатпен шекара асқысы келгендердің жолы кесілсе,...