Коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі мен экономикалық тиімділік —  басты назарда

16

Жыл басынан Жетісу облысы бойынша Табиғи  монополияларды реттеу департаментіне тарифтерді өзгертуге 69 өтінім келіп түсті, оның ішінде 15 өтінім түрлі себептермен қайтарылды. Сонымен қатар 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде «ТАТЭК» бойынша 1 өтінім қаралды.

Тарифтердің өсуіне байланысты осал топтарды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегі механизмдері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бойынша «ЖетісуЭнерготрейд» ЖШС шекті тарифтерінің төмендеуі 2024 жылдың 1 маусымынан бастап бекітіліп, 1 кВт/сағ үшін орташа тариф 31,28 теңге болып белгіленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында коммуналдық секторды дамыту және  ресурстарды үнемдеу мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар реформалар жүзеге асырылды. «Көп  тұтынсаң  –  көп төлейсің» қағидаты бойынша әлеуметтік нормалар енгізіліп, тұтынудың нақты лимиттерін бекіту шаралары қолға алынды.

2024 жылы Департамент қабылдаған шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында 40 жария тыңдау өткізілді. 75 тарифтік смета және 12 инвестициялық бағдарлама орындалуы туралы есептер талданып, жалпы сомасы 67,16 млн теңге көлемінде негізсіз алынған табыстар анықталды.

Департамент халық пен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, реттелетін қызметтердің сапасын арттыруды көздейді. Бұл ретте коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және олардың экономикалық тиімділігі басты назарда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз