Жыл үздігі-2024». Үздік шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы

31

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жылдық қорытындысында «Үздік шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы» номинациясының иегері ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Қорғас шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы, подполковник Нұржан Керченов танылды.
Нұржан Серкұлының басшылығымен нұржолдық шекара сақшылары 2024 жылдың нәтижесінде жауынгерлік қызметтің жоғары нәтижесін көрсетті.
Атап айтар болсақ, онға жуық бөтен құжатпен шекара асқысы келгендердің жолы кесілсе, бірнеше рет жеке бас кұжатын қолдан жасағандар анықталды. Қос азаматтықпен үш жүзге жуық жолаушы жолдан қалса, бірнеше рет бағалы бұйымды жасырып өтуге талпынғандардың алтын-күмістері әшкере болды.
Сонымен қатар, жалпы бағасы бағасы 333 миллон теңгеден астам тіркелмеген қомақты қаражат тәркіленіп, қырыққа жуық бақылау өткізу пунктінің режимін бұзушы мен екі жүзге жуық Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғандар анықталды. Екі мыңнан аса жедел тапсырма орындалып, алпысқа жуық контрабандалық тауарлардың жолы кесілді.

                                      ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз