Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған биылғы Жолаудауында инфркақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді тапсырған болатын. Осы орайда Жетісу облысында құны бірнеше миллиардтаған жобаларды жүзеге асыру ісі қолға алынып, қарқынды жүргізілуде. Қуатты жобалардың қатарында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Қазақстан-Германия бірлескен жүк және жолаушылар әуежайын салу, «Достық» станциясындағы қуаттылығы жылына 350 мың контейнерді тасымалдауға арналған «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды терминалын , т. б атауға болады.Жалпы облыс бойынша «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд.теңге болатын екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылмақшы. Қытаймен шекаралас аймақта,яғни «Қорғас» желісі мен «Достық» станциясының әлеуетін нығайту үшін 2027 жылдың соңына дейін 1,1 трл. Теңгенің 79 жобасын іске асыру жоспарланған.Осы жобалар жүзеге асырылса, халықаралық жүк айналымының легі ұлғайып,көлік құралдарын өткізу қабілеті арта түседі.Облыс экономикасы ілгерілеп,инвестиция көлемі ұлғая түсетіні сөзсіз.
Жақан Еркебұлан, «Талдықорған Жастары» филиалының жетекшісі