Облысымызда туристік инфрақұрылымды дамыту ісі ілгерілеуде

19

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауының төртінші бағытында «Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек.Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын,теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді шаруаларды шешкен жөн»- деген еді. Жетісу облысында  Президент тапсырмасын лайықты орындау барысында инвестиция тарту,жүк легі мен транзитті ұлғайту,өткізу пунктерін жаңғырту бағытындағы жұмыстар тұрақты атқарылып келеді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд.теңге болатын 27 жоба іске асырылып,  екі мың адам жұмыспен қамтылған.Облыстағы «Қорғас» желісі мен «Достық» станциясы экономикалық өсу,әрі инвестиция тарту нүктелері санатында.Алдағы үш жылда1,1 трлн. теңгенің 79 жобасын іске асыру жоспарланып,онда 9 мыңнан астам адамның жұмыспен қамтылуы көңіл қуантады.Осындай ірі жобалар ел әлеуетін арттырып қана қоймай,туристердің  кең байтақ жерімізді әлемге танытуына жол ашылады деп ойлаймын.

Гүлжанат Нұршанова, «Талдықорған» газетінің бас редакторы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз