Жетісу облысында архив қызметкерлері марапатқа ие болды

29

Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары, жылнамалары бар. Осы ретте архив ісіне жүктелетін жауапкершілік орасан зор. Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы. Архив қызметкерлері – тарихымыздың тамыры, құнды құжаттардың шын жанашырлары. Талдықорған қаласындағы Дәнеш  Рақышев атындағы филармониясының ғимаратында архив саласы қызметкерлерінің  кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.  Шараға облыс әкімінің орынбасары, Д. Есдәулетов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма өкілдері, жеке тектік қор иелері, мемлекеттік архивтің ардагерлері, мемлекеттік архивтің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.


Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов  құттықтау сөзінде:
— Архив – адамзаттың дүниетанымы мен өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың ұлттық дәрежесінің қалыптасуында негізгі рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 қаулысымен мерекелік күндер күнтізбесіне «22 желтоқсан — Архившілер күні» болып енді. 1998 жылы дәл осы күні елімізде тұңғыш рет Ұлттық архив қоры жайлы Заң қабылданған болатын. Архив саласында кәсіби мерекесінің белгіленуі архивист мамандардың мерейін өсіре түсті.Архив қызметкерлері – тарихымыздың тамыры, құнды құжаттардың шын жанашырлары, — деп, мерекенің маңызын атап өтті.
Архив қызметкерлерінің мәртебесін асырған салтанатты сәтте архив қызметкерлеріне және архив саласына еңбегі сіңген ардагерлерге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ қызметкерлер Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасы,  Алғыс хатқа ие болды.
Сондай-ақ, «Үздік филиал», «Үздік қойма меңгерушісі», «Үздік архивист», «Үлгілі қызметкер» номинациясы иегерлеріне сертификат және статуэтка табысталды.
Архив саласының  ардагері   Рахима Мукашева  әріптестерін төл мерекемен құттықтап,  абыройлы еңбектеріне толағай табыс, амандық пен денсаулық тіледі.  Шара соңы облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз