Ауыл мектептері жаңа технологияның жоғары жылдамдықты интернетіне қосылуда
Жетісу облысындағы 55 мектеп пилоттық режимде «Starlink» технологиясына қосылуда. Соның ішінде Көксу ауданындағы 4 мектеп бүгінгі күні аталмыш технология арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Еске салсақ, жуырда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жетісулық мектептерге 55 терминал жеткізген болатын.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, республика көлемінде пилоттық жоба аясында интернетке қосылатын 2 мың ауылдық мектептің ішіне Жетісу...
Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан майдангер ғасыр тойына жетті
Барша адамзат үшін 9 мамыр – бейбіт өмірі, жарқын болашағымыз үшін жауға қарсы сұрапыл соғыста жеңіс үшін айқасқа түскен ерлеріміздің ерлік символы.
Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбай Қаңтарбай 1924 жылдың 10 мамырында Көксу ауданы Балпық би кентінде дүниеге келген. Жеңіс күнінде өзінің ғасырлық тойын бірге атапа өтпек. 1942 жылы Мұқыры орта мектебін бітірген соң, әскер қатарына шақырылады. Сол жылы Аягөз...
Ерлік ешуақытта ұмытылмайды
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранда аналардың құрғамаған көз жасы, әкесіз өскен баланың мұңы жатты.
Кеңес кезіндегі Отан үшін болған майданда әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қилы да қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жанқиярлық көзсіз ерлік пен татулықтың арқасында жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған сол батырларға ризашылық білдіруіміз керек....
Жеке куәліктің жаңа үлгісінде қазақстандықтардың жынысы көрсетіледі
Ішкі істер министрлігі жеке куәліктің үлгісін өзгертуді көздейтін нормативтік құжаттың жобасын ашық талқылауға шығарды.
«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады» деп жазылған бұйрықтың жобасында.
Ал куәліктің артқы жағына құжат иесінің азаматтығы туралы мәлімет жазылады.
«Қазақстан Республикасы азаматының...
Жеңіске -79 жыл. Ғасыр тойына жеткен майдангер
Cоғыс қиындығын көріп, төрт жылға созылған зұлматты бастан өткерген ардагерлердің ерен еңбегі мен ерлігі ұмытылмайды. Қазіргі таңда облысымызда 4 майдангер осы Жеңіс күніне жетіп отыр. Олардың 3-еуі Талдықорған қаласында тұрады.
Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов атамыздың жасы биыл 100-ге жетті.
Соғыс ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы 1924 жылы 14 қаңтарда кезіндегі Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. Әкесі Әбілпейіз ауыр дерт сүзектен...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы
Құрметті еліміздің православ қауымы!
Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.
Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.
Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор...
АЙЫНА 100 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛАДЫ
Еліміздегі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Жетісу облысындағы жол саласының мекемелері де өз үлесін қосып жатыр. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «ҚАЗАВТОЖОЛ», «ҚАЖсервис» мекемесінде жұмыс істейтін жүзге жуық адам «Алматы-Өскемен» автомагистралінің бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Республикалық маңызға ие күре жолмен күн сайын 4,5 мыңнан аса көлік жүреді. Табиғатқа немқұрайлы қарайтын жүргізушілер мен жолаушылар көбіне сусын бөтелкесі мен темекі қорабын...
Ұлттық ұланның авиабазасы ашылды
Президент – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласында Ұлттық ұланның авиация базасының ашылу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтап, бұл отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке екенін айтты. Сонымен қатар Қарулы Күштерді егемен еліміздің мықты қалқаны, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі ретінде атап өтті.
– Авиациялық базаның ашылуы...
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, комиссия мүшелерімен В. Гашковқа қатысты іс-құжаты қаралды.
Сонымен қатар, жыл басынан қаралған іс-құжаттардың жалпы қорытындысы мен атқарылған жұмыстары бойынша баяндалды. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының полиция басқармасының есебінде тұрған мектеп оқушыларының отбасылық...
Жетісулық «Жанр» жаңа порталын іске қосты
Жетісу облысындағы «Janr» әдеби клубы өзінің әдеби-танымдық порталын ашты. Бұл портал өңірдегі ғана емес, осы клубқа мүше болған барша қаламгерлердің шығармашылығын бір платформаға тоғыстырып, руханияттың насихатшысы ретінде қызмет етпек.
«Janr» жастар бірлестігі бүгінге дейін Жетісу өңірінде бірқатар рухани шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, кітаптардың тұсаукесерлерін, жаңа шығармалардың оқылымдарын, поэзиялық сағаттар мен театрландырылған ән-жыр кештерін өткізген болатын. Енді клубтың арнайы порталын іске...




























