Жылулық пен қамқорлық

11

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы «Балаға қуаныш сыйла» акциясы аясында Жаркент балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бір күндерін арнады.
Аталған мекемінің басшыларымен бекітілген жоспар бойынша бірінші кезекте балаларды «Синема» кинотеатрына апарды. Балаларға арналған көркем фильмді тамашалаған бүлдіршіндердің коңілдері көтеріліп қалды.
Қойылымнан алған тамаша әсерлері қуанышты жүздерінен байқалып тұрды. Демалыс күнге арналған шара осымен аяқталмай, түскі асқа ақ дастархан жайылып, балаларға арналған тәттілерден ас мәзірі дайындалды.
Шара соңында қамқорлық көрсетіп, жан жылулын арнаған шекарашы аға-әпкелеріне бөбектер жылы лебіздерін жеткізіп, ақ тілектерін ақтарды.

                                 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз