Жыл үздігі-2024: Үздік әскери журналист

21

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жылдық қорытындысында «Үздік әскери журналист» номинациясының иегері ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери журналисі подполковник Манарбек Қарекенов танылды.
Манарбек Айдынғалиұлы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Отан сақшысы — Часовой Родины» апталық газетінің және «Шекарашы» журналының Жетісу облысындағы меншікті тілшісі. Офицердің қаламымен жазылған туындылар шекарашылардың жауынгерлік қызметте қол жеткізген жетістіктеріне арналады. Оқырмандарды сақшылардың күнделікті өмірімен таныстырады.
Сонымен қатар, шекарашы сарбаздарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жобаларды іске асырады. Олардың патриоттық рухын көтеруге, мемлекеттік шекараны берік күзетуге моральдық жағынан шындау шараларын ұйымдастырады.

                                    ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз