ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары балалардың қысқы каникулын қызықты өткізу мақсатында тауда орналасқан демалыс орнына шығуды ұйымдастырды.
Кезекті оқу тоқсанының аяқталу күндері мерекелер мен ақ қарға оранған қысқы кезеңге сәйкес келуі — таудың әдемі көрінісін тамашалауға үлкен мүмкіндік. Оқушылардың он күндік каникулын тиімді пайдалануға жоспар құрған шекарашылар тауға шығып, шанамен сырғанақтан түсуге арнады.
Жаңа жылдық мереке күндері болган демалыс — аниматорлардың келуімен, ата-аналар мен балаларға арналған түрлі ойындарды ұйымдастырумен есте қалды.
Табиғат аясында болған демалыс шарасы есетелік суреттер түсумен аяқталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті