Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

22

Жетісу облысы бойынша 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 22,4 млрд теңгеге жәрдемақы төленді. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 16,7 млрд теңге бөлінді.
Оның ішінде әлеуметтік осал топ санатына жататын 155 мың азаматты әлеуметтік қолдауға 10 млрд. теңге бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмек 5 352 отбасыға (27 830 адам) 2,4 млрд. теңге көлемінде берілді.
Жетісу облысында 25 055 мүгедектігі бар азамат тіркелген (I топ– 2695, II топ– 10274, III топ – 9098, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 2988 адам) немесе облыс тұрғындарының 3,6% құрайды, оларды оңалтуға 2024 жылы 4,7 млрд.теңге бөлінген.
2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 48,4 млрд. теңге қарастырылғын, алушылар саны шамамен – 92,3 мың адам (жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек). Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек 44,0 мың адамға 7,1 млрд.теңге көлемінде қарастырылған.
📈 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұлғаяды:
— 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 233 мыңтеңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;
Мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы:
— 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін,
— 10 баласы бар отбасылар үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты.
— I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін;
— II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін;
— III топ – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз