Талдықорғанда өткен жылы әлеуметтік осал топтар санатына жататын 8357 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Талдықорған қаласы бойынша, Әлеуметтік осал топтар санатына жататын 8357 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1 млрд. 391 млн теңге қаржы төленді.
Аз қамтылған отбасынан шыққан Жоғары оқу орындарында білім алуға 29 студентке оқуларын төлеу үшін 14,6 млн. теңге төленді;
Табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен 10 отбасына 7,4 млн. теңге төленді.
Сонымен қатар, 1644 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 918,7...
Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ
Қазіргі уақытта елімізде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде. Бүгінгі таңда вирустардың ең көп таралған түрлері - риновирус-36%, РС-вирус (респираторлық синцитиальды) -23%, аденовирус-12%, коронавирус - 11%, тұмау және парагрипп - 9%, метапневмовирус-1,6%. Айта кетейік, Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ.
Облыстағы барлық емханаларда күнделікті қабылдау сүзгілері жұмыс істейді. Көрсеткіштер бойынша 1 жасқа дейінгі балалар стационарларға жеткізіледі. Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда...
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді.
"Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді", - делінген хабарламада.
"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)" мемлекеттік қызметі кеңейтілген. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы...
Талдықорғандық ардагерлер бильярдан өзара мықтыларын анықтады
Жаңа жыл қарсаңында 63 жастан асқан ардагерлер арасында бильярдтан Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Бұл жарысқа 20-дан астам ардагер қатысып, өзара мықтыларын анықтады.
Нәтижесінде:
І орынды Дәулет Туғанбаев, ІІ орынды Магрип Минияров алса, ал жүлделі
ІІІ орынды - Геннадий Чарсов түйіндеді. Тулеу Мамбеталин жарыс төрешісі болды.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласының ашық біріншілігінің «Ең жасы үлкен спортшы» номинациясы сыйлығымен 84 жастағы Ашім Мамбетаев марапатталды.
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Авиациялық жобалар
Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Автомобиль жолдары
2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың...
Жұмысшы кадрларға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосу тапсырылды
Премьер-Министр Олжас Бектенов Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша министрліктерге тапсырма берді. Оның айтуынша, елімізге мыңдаған білікті жұмысшы қажет және жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады.
— Сондықтан болашақтағы дағды мен құзыреттерді болжау үшін барлық әкімдіктер кәсіптердің өңірлік атласын жасауы қажет. Әзірге мұндай құжат тек 9 өңірде ғана бар. Жастардың жұмысшы кәсіптерін саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беруде жаңа тәсілдерді жүзеге асыру...
Жас спортшы
2021 жылы Талдықорған қаласында Олимпиадалық жүзу бассейні ашылған болатын. Бүгінде мұнда көптеген жарыстар өтіп тұрады. Ал, Талдықорған қаласының тұрғыны 2016 жылы 8 қаңтарда туған Керімбек Айсұлтан Фархатұлы жүзу бассейініне 5 жасынан бері қатысады.
Жаттықтырушысы Тауфиков Рафиль Русланұлы жоғары білімді маман. Ол Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университетінде “Дене шынықтыру және спорт" мамандығына оқыған. 2019 жылы жүзуден жаттықтырушы болып жұмысқа орналасып...
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Экологиядағы инновациялар» тақырыбында семинар өтті
Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акциялармен және дәстүрлі сенбіліктермен қатар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Бүгін, 8 қаңтарда Талдықорған жастарға қызмет көрсету орталығында «Экологиядағы инновациялар» тақырыбында жастармен семинар өтті. Семинарда Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-12 сынып оқушылары ормандарды қалпына келтіру бойынша автономды роботты таныстырды. Бір циклде робот 60 көшет отырғыза алады, шынжыр табанды шассидің арқасында ол кез-келген...
Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.
Атап өту керек, еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары...





























