Жаңа жыл қарсаңында 63 жастан асқан ардагерлер арасында бильярдтан Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Бұл жарысқа 20-дан астам ардагер қатысып, өзара мықтыларын анықтады.
Нәтижесінде:
І орынды Дәулет Туғанбаев, ІІ орынды Магрип Минияров алса, ал жүлделі
ІІІ орынды — Геннадий Чарсов түйіндеді. Тулеу Мамбеталин жарыс төрешісі болды.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласының ашық біріншілігінің «Ең жасы үлкен спортшы» номинациясы сыйлығымен 84 жастағы Ашім Мамбетаев марапатталды.