Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Талдықорған қаласы бойынша, Әлеуметтік осал топтар санатына жататын 8357 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1 млрд. 391 млн теңге қаржы төленді.
Аз қамтылған отбасынан шыққан Жоғары оқу орындарында білім алуға 29 студентке оқуларын төлеу үшін 14,6 млн. теңге төленді;
Табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен 10 отбасына 7,4 млн. теңге төленді.
Сонымен қатар, 1644 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 918,7 млн. теңге төленді.
Айта кетерлік өңірімізде алғашқы рет 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 1104 балаға 24,4 млн. теңге төленді.
Мүгедектерді жеке оңалту шараларға 1 млрд. 750 млн. теңге бөлініп 3825 мүгедек 6802 техникалық құралдарман қамтамасыз етіліп 100 пайыздық көрсеткішке жеттік.
18 жасқа толмаған ерекше күтімді қажет ететін балаларға оңалту бағдарламасына сәйкес, бюджет есебінен қозғалысы қиындаған 6 ерекше балаға 19,3 млн. теңгеге көпфункционалды арбалар сатып алынып табысталды.
Облыс орталығында «Инватакси» қызметі арнайы жабдықталған 16 автокөлігімен 443 мүгедектігі бар адамдарды тасымалдады, 69 708 тапсырыс түскен. Осы мақсатқа 145,8 млн. теңге төленді.
Көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтар үшін Мемлекеттік жәрдем ақы төлемі 6,5 пайызға өсуі жоспарлануда.