2021 жылы Талдықорған қаласында Олимпиадалық жүзу бассейні ашылған болатын. Бүгінде мұнда көптеген жарыстар өтіп тұрады. Ал, Талдықорған қаласының тұрғыны 2016 жылы 8 қаңтарда туған Керімбек Айсұлтан Фархатұлы жүзу бассейініне 5 жасынан бері қатысады.
Жаттықтырушысы Тауфиков Рафиль Русланұлы жоғары білімді маман. Ол Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университетінде “Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқыған. 2019 жылы жүзуден жаттықтырушы болып жұмысқа орналасып бүгінгі күнге дейін өз мамандығымен қызмет жасауда.
Ал, жас спортшы 2021 жылдан бері жасөспірімдер арасындағы көптеген жарыстарға қатысып, Семей, Көкшетау, Ақтөбе қалаларына барып бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
2024 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында өткен ҚР Чемпионатында жүзудің әр түрінен 782 спортшы қатысты. Еркін жүзуден 50 метрді- 35,66 секундта, баттерфляй жүзуінен 50 метрді – 44,12 секутта жүзіп келді. Олимпиада чемпионы Дмитрий Игоревич Баландин өзі марапаттады.