Мектеп-кеме, білім- теңіз
«Соңғы қоңырау» салтанаты – бұл жас түлектер үшін толқитын әрі сыныптастарымен, мектеппен, он бір жыл білім берген аяулы ұстаздарымен қимай қоштасатын сәт. Күллі оқушы тағы бір оқу жылын аяқтап, есейеді. Ұстаздардың, мектептің де қадірі жылдан-жылға арта түседі. Әр бала бір жасқа өсіп, биылғы оқу жылын аяқтап отыр.
Облыс орталығы Талдықорған қаласы оқушыларының білімі, оқудағы жетістігі, балалар демалысы бойынша қойылған сауалдарға...
Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты
Талдықорғанда 26 мамыр күні, сағат 12:00-де, «Бәйге» Федерациясы» РҚБ ұйымдастырып отырған Бәйгеден Қазақстан Чемпионатының IV іріктеу кезеңі өткізіледі.
Спорт мерекесі шабандоздарға өз дағдылары мен шеберлік деңгейлерін көрсетуге, әділ жекпе-жекке шығып, бәйге қорытындысы бойынша финалда бақ сынауға мүмкіндік береді.
Турнир ат жарысының Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге және Ұлы аламан бәйге сияқты төрт түрі бойынша өтеді, жалпы жүлде қоры 30 000...
Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің La Bella Principessa туындысы көрсетіледі
Леонардо да Винчидің ең жұмбақ әрі құнды жауһар туындыларының бірі – La Bella Principessa Варшава кодексінің Сфорциядасынан алынған сурет. Қылқалам шеберінің пергаменттегі жалғыз туындысы Қазақстан жұртшылығының назарына ұсынылмақ.
Бұл мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәдениет институтының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Көрме Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 маусым мен...
ЖЕТІСУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР 100 КГ-НАН АСТАМ ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ ЖІБЕРДІ
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жетісу облысында жалғасып жатыр. Игі үрдіске айналған тазалық шараларын өңірдегі оқу ордаларының белсенді оқушылары да жұмылып атқаруда.
Талдықорған қаласындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп оқушылары табиғат тазалығына өз үлестерін қосуда. Айналаны қоқыстардан тазартып қана қоймай, жиналған бөтелкелер мен басқа да қоқыстарды қайта өңдеу орталығына өткізді.
Табиғи ресурстарды саналы тұтынуды насихаттаған оқу орнының белсенді білімгерлері қайта...
“Ұлы дала жорығы 2024” марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті
Биылғы аламан Павлодар облысынан бастау алып, елордада аяқталады.
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде еліміздің 18 аймағынан келген 90-ға жуық шабандоз бақ сынады. Әр өңірдің іріктеуінен іркілмей өткен үздіктер Павлодар облысынан Астана қаласына дейінгі 500 шақырымдық жолды 5 күнде шауып өтті. Былтырғы жорықтың жеңімпаздары атанған жетісулық шабандоздар осы жолы да көш бастап ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНЫҢ жеңімпаздары атанды.
Бейбіт Исабаев «Жылдың үздік әкімі» атанды
Nur.kz ақпараттық порталының дәстүрлі «Халық дауысы» жобасының алтыншы маусымы қорытындыланып, «Жылдың үздік әкімі» номинациясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев басым дауысқа ие болды.
Портал жобаның нәтижелеріне тоқтала отырып, Жетісу облысындағы экономиканың өткен жылғы негізгі көрсеткіштерінің өсімі мен өңірге инвестиция тарту жұмыстарын атап өтті.
Атап өтсек, порталдың мәліметіне қарағанда, қазақстандықтардың биліктегі тұлғаларға деген көзқарасын зерттеп, оларға деген сенім деңгейін анықтау үшін NUR.KZ...
Жетісулық оқушылар биология пәнінде жылыжай ісін дамытып келеді
Талдықорған қаласында оқушылар мектеп жылыжайында көкөністерді тұқымынан өніміне дейін өздері күтіп-баптап өсіруде. Жылыжай бір жағынан биология пәнінің зертханалық-тәжірибелік алаңы болса, екіншіден оқушыларды еңбекке баулудың тамаша әдісі болып отыр, әрі балалар өз қолымен өсірген өнімді өздері тұтына бастады.
Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылындағы № 30 орта мектеп биылғы жылдың қаңтарынан өз жұмысын бастаған болатын. Жаңа мектеп салынған кезде оның ауласында жалпы алаңы...
Талдықорғанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді
30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,...
Мәдениет қызметкерлері марапатталды
Мәдениет – ұлттың қуаты. Ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы. Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Мәдениетті ел, өнері өркендеген қоғам әр уақытта алға дамиды. Төл өнеріміздің кеңінен қанат жайып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өнерпаздардың қосар үлесі зор екендігі ақиқат. Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, құрмет көрсетілді.
Сала қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Марлен...
Мақсат – ел игілігіне қызмет ету
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырып, қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізу керектігін баса айтқан болатын. Осылайша көктем келісімен барша отандасымыз экологиялық акцияға үлес қосып, туған жерді көркейтуге атсалысты. «Шын мәнінде елімізді көгалдандыру, абаттандыру үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған...





























