Құқықтық сана — қоғамға құрмет

8

Қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдер арасында есірткі мен құмар ойындарға әуестік мәселесі өзекті болып тұр. Бұл зиянды әдеттер жасөспірімдердің денсаулығына ғана емес, олардың өмірлік құндылықтары мен болашағына да кері әсер етеді. Сондықтан қоғам алдында балаларды қорғап, салауатты мәдениетті қалыптастыру міндеті тұр. Осы бағытта ел көлемінде кешенді шаралар да ұйымдастырылуда, олар білім беруден бастап, заңнамалық деңгейдегі өзгерістерге дейінгі түрлі аспектілерді қамтиды.

Осы орайда Талдықорған қаласы прокуратурасының бастамасымен, қала әкімдігі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен  жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарға, нашақорлық, алаяқтық, кәмелеттік жасқа толмағандардың суициді және лудоманияға қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізу, алдын алу мақсатында «Құқықтық сана — қоғамға құрмет» атты бейнеролик байқауының марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысына сәйкес I-орынды  «М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі», II-орынды «Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі», III-орынды   «Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» КММ иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз