Азаматтарға қолжетімді баспана

12

Сүйікті қаламыз Талдықорғанда жастар үшін «Отбасы банк» бірлескен жоба  жүзеге аспақ.  Әрине, баспанлы болу әр отбасы үшін өз арманына қол жеткізу. Соңғы жылдары Талдықорған қаласында көптің арманы орындалуда.  Күні кеше ғана коттедджді қалашықтан осал топтағы отбасылар үйлі болды.. Азаматтарымызды қолжетімді баспанамен қамту екі жолмен жүзеге асырылады екен.  Біріншіден, жекешелендіру құқығы бар жалдамалы баспана. Екіншіден, «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несиелік баспана.

Сонымен қатар, қала жастарын, яғни 21 бен 35 жас аралығындағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту үшін «Жетісу жастары» бағдарламасы «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаға қала жастары белсенді түрде қатысуда.

Береке коттедж қалашығында орналасқан үйлерге былтыр жөндеу жұмыстары аяқталып, 97 көпбалалы отбасыға берілді. Биыл қосымша 107 коттедждің құрылысын аяқтап, көпбалалы отбасыларға тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Жастар-3 тұрғын үй алабында 56 баспананың құрылысы аяқталып, 2025 жылдың 1-ші тоқсанында әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға беріледі деп күтілуде. Жыл соңына дейін қосымша 150 баспананың құрылысын аяқтау міндеті де алға қойылған. Міне, 35 жасқа дейінгі жастардың үйлі болу арманы жүзеге асса, бұл  мемлекет тарапынан жасалған қамқорлық.

                                                                                                       Мұстафа Хұсайын,

 «QAZAQSTAN CHERNOBYL ARDAGERLERI» қауымдастығы орталық кеңесінің төрағасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз