17.7 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 35

Салық салу режимін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды

2026 жылғы 1 наурызда салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимін таңдаудың өтпелі кезеңі аяқталды. Өтпелі  кезеңнің қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінің көпшілігі қызметін жүргізудің жеңілдетілген шарттарына бағытталған арнаулы салық режимдерін сақтап қалды немесе таңдады.      1,2 миллионнан астам кәсіпкер жеңілдетілген декларациямен арнаулы салық режимін таңдады. Жеңілдетілген декларация шағын және орта бизнес арасында ең танымал режим болып қала береді, себебі ол олар үшін сақталды және жаңартылды. Бұл режим жылдық кірісі 600...

2026 жылдан бастап көлік құралдары салығын есептеу және төлеу тәртібіндегі өзгерістер туралы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 565, 567 және 569-баптарына сәйкес көлік құралдары салығын есептеу және төлеу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды. Негізгі өзгерістер 1.⁠ ⁠Ағымдағы төлемдер мен 701.00 нысанының алып тасталуы 2026 жылдан бастап көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және 701.00 салық есептілігі нысанын ұсыну алынып тасталады. 2.⁠ ⁠Көлік құралының санатын...

Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Көксу политехникалық колледжі» МКҚК, «Бастөбе сервистік-техникалық колледжі» МКҚК жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 Қаулысына сәйкес келмейді, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады. Осыған байланысты Департамент анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар...

Сүт өнімдері нарығында бәсекелестік туралы заңнаманың бұзушылықтары анықталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті айран мен сүтті көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізуді аяқтады. Талдау нәтижесінде «Жетісу сүт» ЖШС-нің сүт өнімдерін жекелеген тұтынушыларға әртүрлі өткізу шарттарын қолданғаны анықталды. Атап айтқанда, жеткізу шарттарында бағаның өзгеруі туралы хабарлау мерзімдері, сондай-ақ өнімге өтінім беру мерзімдері объективті түрде расталған негіздерсіз әртүрлі көзделген. Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының...

Конституциялық бастамалар спорт саласында талқыланды

Талдықорған қаласындағы орталық бассейн ғимаратында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілдері Асхат Досмұхамбетов пен Шерхан Темірхан спорт саласының мамандары мен мазмұнды әрі ашық форматтағы кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіру, азаматтық қоғам өкілдерімен пікір алмасу және ел болашағына қатысты бастамаларды талқылау болды. 📎Алғысөз кезегінде өңірлік коалиция өкілі Асхат Досмұхамбетов Жаңа...

ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық...

Бейбіт Исабаев: облыстағы жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі — 95%

Жалпы Жетісу облысы арқылы өтетін 1050 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 100 %-ды, жергілікті маңызы бар 3 мың км жолдар бойынша 95 %-ды құрайды. Бұл туралы бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту туралы баяндаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев осылай деді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл көрсеткіштерге...

Сарбаздарға ата-аналарының хаттары табысталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы күзет тобының сарбаздарына ата-аналары жазған хаттарын оқу сәті – жеке құрам арасында моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыруға, жақсы көңіл-күй сыйлауға және туған ел мен отбасының ыстық ықыласын жүрекпен сезінуге мүмкіндік беретін ерекше әрі әсерлі көрініс болды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Жеке құрам үшін мәдени-танымдық іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, ұжымдық бірлікті арттыру және жағымды көңіл күй қалыптастыру мақсатында мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Жаркент қаласы мен Панфилов ауданының көрікті жерлері таныстырылып, Жаркент мешіті, М.Тынышбайұлы атындағы «Жауынгерлік Даңқ» музейі, Ә.Қастеев атындағы көркемсурет музейі, «Жаркент-Арасан» шипажайы және қасиетті Әулие ағаш нысандарына экскурсия жасалды. ҚР ҰҚК...

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында қазақтың ұлы ақыны, айтыстың өрең жүйрігі, ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның өлеңдері оқылып, ұлттық құндылықтар насихатталды. Кеш қатысушыларға рухани әсер сыйлап, патриоттық тәрбие беруге бағытталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті