2026 жылдан бастап көлік құралдары салығын есептеу және төлеу тәртібіндегі өзгерістер туралы

3

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 565, 567 және 569-баптарына сәйкес көлік құралдары салығын есептеу және төлеу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

Негізгі өзгерістер

1.⁠ ⁠Ағымдағы төлемдер мен 701.00 нысанының алып тасталуы
2026 жылдан бастап көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және 701.00 салық есептілігі нысанын ұсыну алынып тасталады.

2.⁠ ⁠Көлік құралының санатын айқындау
Көлік құралының санатын анықтау кезінде техникалық паспортта көрсетілген жүргізу құқығына сәйкес санат қолданылады.

3.⁠ ⁠Түзету коэффициенттерінің енгізілуі (Салық кодексінің 565-бабы)
Жеңіл автокөліктер үшін пайдалану мерзіміне байланысты мынадай түзету коэффициенттері енгізілді:
• 0,7 – пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін (қоса алғанда);
• 0,5 – пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан жағдайда.

4.⁠ ⁠Бірыңғай салық мөлшерлемелері
Қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден асатын, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында өндірілген немесе әкелінген жеңіл автокөліктер үшін қолданылған жеке мөлшерлемелер алынып тасталды.

2026 жылдан бастап көлік құралдары салығы шығарылған немесе елге әкелінген күніне қарамастан бірыңғай мөлшерлемелер бойынша есептеледі.Ағымдағы төлемдердің жойылуына байланысты салық есептеу күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша көлік құралына меншік құқығының нақты иелену мерзімін ескере отырып жүргізіледі:
* Меншік құқығы салық кезеңі ішінде туындап, 31 желтоқсанға дейін тоқтатылмаса — салық меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейін есептеледі.
* Меншік құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылса — салық салық кезеңінің басынан бастап меншік құқығы тоқтатылған айдың 1-күніне дейін есептеледі.
* Меншік құқығы бір салық кезеңі ішінде туындап және тоқтатылса — салық меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап тоқтатылған айдың 1-күніне дейін есептеледі.

Меншік құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған жағдайда декларацияда көлік құралын нақты иелену кезеңі үшін есептелген сома көрсетіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз