Астана – Талдықорған бағыты бойынша алғашқы жолаушылар жолға шықты

3

Бұл бағыт – тұрғындардың сұранысы мен өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсарту қажеттілігі негізінде іске асырылған маңызды жоба. Ол «Жолаушылар тасымалы» АҚ, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі және Парламент депутаттарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

Жаңа теміржол қатынасы Астана мен Жетісу облысы арасында тікелей әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді. Енді жолаушыларға күрделі ауысып міну қажеттілігі болмайды, бұл уақытты үнемдеп, сапар қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады.

Бағыт «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында қатынайтын болады, ал Ақтоғай станциясында Талдықорған бағытына ыңғайлы түрде жалғанады.

Жолаушылардың жайлы сапары үшін заманауи, жоғары сапалы вагондар қарастырылған. Олар ұзақ мерзімге төзімді материалдардан жасалып, купелер эргономикалық ұйықтау орындарымен, жеке жарықпен, USB және электр қуат көздерімен жабдықталған. Сонымен қатар, вагондарда тағамды сақтауға және жылытуға мүмкіндік беретін құрылғылар мен тиімді желдету жүйесі бар.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз