Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?

Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.
Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.
Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.
Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.
Облыс азаматтары облыс, аудандар және қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған «Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеріңіз» сервисінде референдум учаскесін нақтылай алады, ол үшін өз ЖСН енгізу қажет болады.
Облыстың әр ауданында және қаласында Call-орталықтар қосылған, онда тұрғындар референдумға қатысушылардың тізімінде өздерін тексеруге, өздерін қызықтыратын өзге де сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар.
ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ДАУЫСЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ!
Жетісу облысының референдум комиссиясы





























