Жеке құрам үшін мәдени-танымдық іс-шара өтті

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, ұжымдық бірлікті арттыру және жағымды көңіл күй қалыптастыру мақсатында мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Жаркент қаласы мен Панфилов ауданының көрікті жерлері таныстырылып, Жаркент мешіті, М.Тынышбайұлы атындағы «Жауынгерлік Даңқ» музейі, Ә.Қастеев атындағы көркемсурет музейі, «Жаркент-Арасан» шипажайы және қасиетті Әулие ағаш нысандарына экскурсия жасалды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз