Конституциялық бастамалар спорт саласында талқыланды

4

Талдықорған қаласындағы орталық бассейн ғимаратында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілдері Асхат Досмұхамбетов пен Шерхан Темірхан спорт саласының мамандары мен мазмұнды әрі ашық форматтағы кездесу өткізді.

Жиынның басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіру, азаматтық қоғам өкілдерімен пікір алмасу және ел болашағына қатысты бастамаларды талқылау болды.

📎Алғысөз кезегінде өңірлік коалиция өкілі Асхат Досмұхамбетов Жаңа Конституция жобасының мазмұнында «адам» ұғымының басымдыққа ие болғанына тоқталды.
– Егер бұрын мемлекеттік институттардың өкілеттігі мен құрылымы көбірек қамтылса, жаңа жобада адамның құқықтары мен бостандықтары басты бағдар ретінде белгіленген. «Адам» сөзі ондаған рет қолданылуы – символикалық емес, мазмұндық мәнге ие. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында бұл нормалар нақты жауапкершілік пен есептілікті талап етеді. Себебі денсаулық – ұлттың стратегиялық капиталы, – деді ол.

Кездесу барысында спорт өкілдері Конституциялық реформалардың елдің әлеуметтік саласына, спорттық инфрақұрылымның дамуына, жастардың дене шынықтыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалы туралы ойларымен бөлісті. Қатысушылар бастамаларды жүзеге асыруда қоғамның бірлігі, белсенді азаматтық ұстаным және ашық талқылаудың маңызын ерекше атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз