Сүт өнімдері нарығында бәсекелестік туралы заңнаманың бұзушылықтары анықталды

3
Still life with dairy product on wooden background

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті айран мен сүтті көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізуді аяқтады.

Талдау нәтижесінде «Жетісу сүт» ЖШС-нің сүт өнімдерін жекелеген тұтынушыларға әртүрлі өткізу шарттарын қолданғаны анықталды. Атап айтқанда, жеткізу шарттарында бағаның өзгеруі туралы хабарлау мерзімдері, сондай-ақ өнімге өтінім беру мерзімдері объективті түрде расталған негіздерсіз әртүрлі көзделген.

Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының талаптарына қайшы келеді, онда объективті негіздерсіз тең дәрежелі шарттарға әртүрлі талаптар қолдануға тыйым салынған.

Бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан Серіктестікке хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта хабарлама орындалып, шарттардың талаптары заңнамаға сәйкес келтірілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз