Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Көксу политехникалық колледжі» МКҚК, «Бастөбе сервистік-техникалық колледжі» МКҚК жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 Қаулысына сәйкес келмейді, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.
Осыған байланысты Департамент анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар шығарды.
Қазіргі уақытта нұсқамалар толық көлемде орындалды.





























