22.5 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 26 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 330

Сайлау саласының ардагерлеріне құрмет

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл сайлау саласының ардагерлері және қалалық сайлау комиссия мүшелерімен кездесті. Салтанатты шарада Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ержан Сабитов, сайлау саласының ардагері Шырақбай Жылқайдаров, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясын 2019-2024 жылдары басқарған Ерғазы Қошанбеков, Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы, шақырылым депутаты болған Тимур Биғожанов ҚР сайлау жүйесі мен заңнама,...

Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы биыл басталады

Биыл Жетісу облысында 152 шақырым жол мен 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 5 көпірді қайта жаңғырту, 1 көпірді орташа жөндеу, Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 15 км жолдың реконструкциясы, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» жолының 35-110 км учаскесінің жаңғырту жұмыстары, елді мекендерге кіретін жолдар, ішкі жолдар т.б. жобалар бар, - деп хабарлайды...

ҚҚС: Нақты жағдай ескерілуге тиіс

Сауал: – Қосылған құн салығы шегін төмендету барысында қандай фактор бірінші кезекте ескерілуі керек? Балжан Бақытқалиқызы, салық маманы Жауап: – Салық кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес, қазір ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелу үшін айналым көлемі – 20 000 АЕК немесе 78 640 000 теңге. Алайда мемлекет бұл шекті 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды. Бұл өзгеріс кәсіпкерлерге үлкен салмақ түсіруі мүмкін. Себебі есепке алынатын көр­­сеткіш таза...

Құн салығы неге көтеріледі?

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткізілген брифинг барысында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру жоспарына түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер бағаға әсер етсе де, ұзақмерзімді перспективада ел экономикасына оң серпін береді. Ол «Үкімет қосылған құн салығын 20%-ға көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ» деді. Серік Жұманғарин ҚҚС мөл­шерлемесінің артуы тауарлар ба­ғасының...

ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Ел қазынасы ортайып, Ұлттық қор трансфертіне мұқтаждық артты. Еселеп өскен шығынды салық түсімдері жаба алатын емес. Билік осы теңгерімсіздікті түзеу мақсатында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттырамыз деп отыр. Бұл ұсыныс төңірегінде қоғамдық пікір екіге жарылды. Бірі «бизнеске қысым күшейеді» деп алаңдаса, екінші тарап «салық әділ бөлінсе, мемлекет өркендейді» дейді. Көзқарас сан алуан, ал басты сұрақ – бұл өзгеріс­тер...

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті

Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акциялар, дөңгелек үстел, дәстүрлі сенбіліктер және т.б шаралармен қатар қайырымдылық іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Бүгін, 5 ақпан Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында аулалардағы, үй кіреберістеріндегі және жүретін жолдардағы қарды тазалау жұмыстары өткізілді. Шараға студенттер мен жастар арасындағы еріктілер атсалысты. «Мейірімді-Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Саматқызы...

Мейірім мәдениетке жол ашады

Менің ойымша, адам бойындағы ең маңызды қасиет - мейірім. Айналасына махаббат пен жылуын сыйлай алатын адам ғана өзінің жолын адаспай таба алады. Балалар кішкентай кезінен мейірімді болуды үйренуі керек. Сонда  ол өскенде еліміздің ғана емес,  тіпті бүкіл әлемнің дамуына әсер ететін тұлға қалыптасады. Мейірім мәдениетке жол ашады. Бұл қасиет өмір жолына керек көптеген қабілеттерін шыңдап, әлемдік деңгейде дамуына мүмкіндік береді....

Құтқару үшін награда

ҚР Төтенше жағдайлар  министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жол-көлік оқиғасы нәтижесінде адамдардың өмірін құтқаруда және жанып жатқан автомобильдің өртін сөндіру кезінде көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің бас инспекторы Алтай Мырзабаевты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен наградталды. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 2 ақпанда түнде Астана қаласының Есіл ауданында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік...

Саламатты болашақ : Жасөспірімдер зиянды әдеттен аулақ болсын

Талдықорған қаласындағы №30 орта мектептің базасында жас педагог-психологтарға арналған аймақтық оқыту семинары ұйымдастырылды. Облыстық психологиялық қолдау орталығының қолдауымен өткен басқосуға орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты. «Саламатты болашаққа қадам: жасөспірімдердің психоактивті заттардан аулақ болуы және өмірлік дағдыларын дамыту» атты шара қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау етті. Психоактивті заттар мен құмар ойындарға тәуелділік өзекті мәселелердің қатарында. Мамандардың айтуынша, мұндай...

Сіз ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болатынын білесіз бе?

Бірақ бұл қызмет түрі барлығына бірдей көрсетілмейді. Тек белгілі бір санаттағы азаматтарға ғана қолжетімді. Қосымша ақпаратпен танысу үшін суреттерді жылжытыңыз. Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы