-0.4 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 30 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 322

7 тамызда қазақстандық спортшылар қай спорт түрлерінен сынға түседі

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 7 тамыз, сәрсенбі күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі. Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде жүзу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды. Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек. 7 тамыздағы жарыс кестесі: Байдарка...

Жетісулық шаруа 275 гектарда қант қызылшасын тамшылатып суару арқылы өсіріп отыр

Жетісулық шаруашылық тамшылатып суару технологиясының арқасында түрен тимеген жайылымдық жерді егістік алқапқа айналдырып, 275 гектар жерге қант қызылшасын өсіріп отыр. Келесі жылы қызылша алқабын 1 мың гектарға жеткізбек. Алакөл ауданындағы  «BOLAT Group LTD» ЖШС бұл жобаны шетелдік инвестормен бірігіп қолға алған. Серіктестік басшысы Болат Сейірбаевтың айтуынша, жаңа технологияның тиімділігі көп, яғни қолданылатын тыңайтқыш көлемі бес-алты есеге азаяды, есесіне мол өнім алуға...

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайта жаңғыртудан өткізілген Ш. Уәлиханов атындағы музей 2000-нан астам адам қабылдады

Күреңбел өңіріндегі Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі – өңірдегі мәдени-туристік нысанның бірі. Мемлекет басшысының Жетісу облысына келген сапарында берген тапсырмасына сай музей өткен жылы қайта жаңғыртудан өткізіліп, жаңа кейіпке енді. Музейде 1130 экспонат қойылған. Соның ішінде ғалымның өзі тұтынған заттар да бар. Бұған дейін де «Алтынемел» мемориалды музейі көпшілікке таныс болғанмен, қайта жаңғыртудан өткеннен кейін мұнда келушілер қатары...

1 қыркүйек – жексенбі: Мектептерде алғашқы қоңырау өте ме

Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге түсіп тұр. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнінің демалысқа сәйкес келуіне қатысты түсініктеме берді. «1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Қалаға келген бірде-бір студент баспанасыз қалмауы тиіс – Премьер-Министр

Ғылым мен технологияларды кеңінен танымал ету жөніндегі кешенді жоспар қабылдау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жоғары білім беру саласына тоқталсақ, ұлттық жоғары оқу орындарымыз бен жетекші шетелдік университеттердің филиалдары бағыт беріп отыруға тиіс. Ғылым министрлігі жұмыс нәтижелері бойынша филиалдарға қойылатын талаптарды әзірлегені жөн. Сараптамалық кеңес құрып, барлық университеттерге қойылатын талаптарды олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан қайта...

eGov.kz жүргізуші куәлігін алудың қандай жаңа талаптарын енгізді

eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады. Бұл туралы «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы мәлімдеді. «Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын...

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билеттері сатылымға шықты

Бүгін 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты мен барлық жарыстарына билеттер сатылымы басталды. Әлемдік этноспорттың басты оқиғасына 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Бұл туралы Көшпенділер ойындары Дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Билеттер құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады. Спорт бағдарламасына 21 спорт...

Ащыбұлақ саяжайында балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді

Қала іргесіндегі Ащыбұлақ саяжайында балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді. Саяжай халқын қуаныштарымен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов арнайы келіп, салтанатты түрде лентасын қиып, ақжарма тілегімен жалғады. Заман талабына сай салынған ойын алаңы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Барлық талаптарға сай жабдықталған ойын алаңында шағын футбол алаңы да бар. Естеріңізге салсақ, қала әкімі Ащыбұлақ саяжайының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар...

Талдықорғанда «Мектепке жол» акциясында 8 мыңнан аса бала қамтылады

Елімізде жыл сайын әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар үшін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Биыл 8 мыңнан аса балаға қолдау көрсетілмек. Талдықорған қаласы бойынша 8 мыңнан астам баланың 6183 мемлекет тарапынан көмек берілсе, соның 2 мыңнан астамы демеушілік қаражатқа көмек алмақ. Естеріңізге салсақ, қайырымдылық акциясы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін арнайы жәрмеңке де...