Талдықорған қаласының әкімі тыл еңбеккерлері мен ғасыр жасаған әжелерді құттықтады

361
Бүгін Талдықорған  қаласының әкімі Ернат Бәзіл 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында тыл еңбеккерлері мен ғасыр жасаған әжелерді арнайы құттықтап, шаңырақтарына барып, сый-сияпатын тарту етті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қала басшысы ең алдымен ғасыр куәгері Рашида Колупаева анамыздың шаңырағына барды. Бұдан соң, тыл еңбеккерлері Галина Саенко мен алтын құрсақты ана Сейілхан Қасенованың үйінде болып, жарық жүздесуінде қала әкімі олардың ерен еңбегі мен қажырлы қайсарлығын атап өтіп, әрбір ана мен тыл еңбеккерінің еліміз бен қаламыздың дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.
«Біз бүгін осындай асыл жандардың арқасында бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз. Олардың төзімділігі мен өмірлік тәжірибесі біз үшін әрқашан үлгі боларлық», – деді қала әкімі.
Барлық аналар мен тыл еңбеккерлерін және барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз