Бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сынға түседі
Париж Олимпиадасында 9 тамыз, жұма күні қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.
Алдымен 12:00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.
Ал 14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.
Сондай-ақ 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды.
Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.
Бұл күні...
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық жеңімпаздарын марапаттады
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық жеңімпаздарын марапаттады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқауға биыл облыс көлемінде 415 отбасы қатысқан. Бұл - республика бойынша аталған байқауға қатысу белсенділігі жағынан екінші көрсеткіш.
Салтанатты шарада байқауға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев қоғам өміріндегі отбасы құндылықтарының ұрпақ тәірбиесіндегі рөлі туралы айта келе:
- Халқымыз отбасындағы өзара сүйіспеншілік пен сенім,...
Асыл сөзді іздесең, ...
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында Абай туралы «Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазады. Абай мұрасы күллі адамзат баласына ортақ қазына. Ақынның шығармалары қашанда өзектілігін жоғалтпаған, жоғалтпақ та емес. Ой-тұжырымдары баршамызға рухани азық болары сөзсіз. Өнегелі сөздері мәңгілік өсиет ретінде бағаланады. «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып...
Студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту
«Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында бірқатар шаралар өтеді. Жоба шеңберінде жастар арасында қызығушылық деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу және белсенділік мақсатында кемінде 20 іс-шара, студенттер мен оқушылардың қоғамдық-саяси өзгерістерге және елдің жарқын болашағына оң көзқарасын қалыптастыру бойынша 50 іс-шара, өзін-өзі басқару көшбасшыларының 2 слеті және 200 адамның қатысуымен жазғы, қысқы лагерь өткізілетін...
Текті өнерге құрмет
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі-терме» атты байқау өтіп ,оған ел арасында осынау төл өнерімізді дәріптеп жүрген ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қатысты.Жиналған дүйім жұрттың құлақ құрышын қандырған термешілер халық арасында көп орындала бермейтін туындыларды ұсынумен ерекшеленді. Әділқазылар құрамында болған жетісулық танымал сазгерлер мен әншілер байқау қорытындысын шығарып, нәтижесінде, 1 орынды - Құрмаш Исмаилов, 2 орынды- Ардақ...
Әр бала — ел азаматы
Жаңа оқу жылы басталар сәт те алыс емес. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек беру үшін елімізде жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол»...
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасып жатыр. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шараға бүгінде 172 мыңнан астам адам атсалысып, түрлі тазалық шараларына қатысты.
8 тамыз күні облыста бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, «Жетісу жастары» КММ және «Жасыл ел» еңбек жасақшыларымен бірлесе отырып, Халықаралық жастар күні қарсаңында және «Таза...
ЖЕТІСУДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» — ЭКО КВЕСТ» ШАРАСЫ ӨТТІ
Елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тағы өрісін кеңейтті. Жетісулық жастар аталған акция аясында экологиялық эстафетасын бастады. Бүгін осы шара барысында 100-ден аса белсенді жас, облыс орталығы Талдықорған қаласындағы Орталық алаңдарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастар қураған шөптерді орып, алқапта шашылып жатқан полетилен пакет пен пластмас заттарды жинады.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары облыс орталығындағы саябақты және оның айналасын кең ауқымда...
Үздіктер анықталды
Облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Jetisý Jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 16-35 жас аралығындағы облыстық шахмат чемпионаты өтті. «Royal Clash: Chess Tournament 2024 CUP» деп аталған зияткерлік сайыс «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» ұлттық онкүндігіне арналды. Турнирға облыстың әр ауданы мен қаласынан 100-ге жуық қатысты. Олардың арасында Азия және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары, әуесқой шахматшылар бар.
Терең ойды, көрегендікті талап...
Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы өзгереді
Елімізде 140 жолаушылар пойызы бар, тарифтердің көтерілуі соның 62-сіне әсер етеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, тарифтерді көтеру автокөлік паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет.
Сондай-ақ министрлік соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өсуі байқалмағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) атап өтті.
— Жолаушылар вагондарының паркі 2 667 бірлікті құрайды, оның...





























