Қала әкімі Ернат Бәзіл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында салтанатты қабылдау шарасын өткізіп, ардақты аналар мен қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар мен әр салада еңбек етіп жүрген қарапайым нәзік жандылар қатысты.
Қала әкімі Ернат Бәзіл өз сөзінде әйелдер қауымы отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қызмет, бизнес сияқты барлық салада өте белсенді екенін айта келе, соған сәйкес қоғамда әйел азаматтардың рөлі айтарлықтай арта түскенін жеткізді.
Салтанатты іс-шара барысында Талдықорған қаламыздың әр саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар марапат төрінен көрініп, облыс және қала әкімінің Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.
Мерекелік кеш қала өнерпаздарының нәзік жанды аруларымызға арнаған концерттік бағдарламамен түйінделді.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі